АСТАНА ҚАЛАСЫ
ӘКІМДІГІНІҢ
«ТҰРҒЫН ҮЙ ҚОРЫ» КММ

  Астана қ., Республика д., 32 ("Ишим" БО)
  +7 (7172) 28-09-59
  info@zhilfond.kz
  Жұмыс кестесі: Дс-Жм 08:30-18:00
  Құжаттарды қабылдау кестесі: Дс-Жм 08:30-17:00
  Yзіліс: 13:00-14:30

“Elorda zhastary” жұмыс істейтін жастарға жеңілдікпен несие беру бағдарламасы


Бағдарламаның шарттары

– тұрғын үйді Астана қаласында өзіңіз таңдайсыз (бастапқы немесе қайталама нарық)

– қарыздың ең жоғарғы сомасы – 18 млн. теңге;

– бастапқы жарна– 10%;

– жылдық 5% – бен;

– несиелеу мерзімі 25 жылға дейін;

– әрбір мүшесіне соңғы 6 ай үшін еңбек немесе кәсіпкерлік қызметтен (зейнетақы аударымдарын, жеке табыс салығын және өзге де міндетті аударымдарды есепке алмағанда) ең төменгі күнкөріс деңгейінің 6 еселенген шамасына дейінгі кірісінің болуы.

Жалпы талаптар:

– 35 жасқа дейінгі жасты қоса алғанда;

– соңғы 1 жылда Астана қаласында тұрақты үздіксіз атаулы тіркеудің болуы;

– меншік құқығына мүліктің және сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үйдің соңғы 5 жылда және өтінім берген сәтте болмауы;

– өтініш беру сәтіндегі қатысушының таңдалған саладағы ресми жұмыс өтілі соңғы бір жылдан кем емес;

– жинақталған сомасы 1.8 млн. теңгеден кем емес “Отбасы банкте” депозиттік шотының болуы;

Астана қаласының мемлекеттік қалалық және республикалық мекемелерінің келесі қызмет салалары бойынша қызметкерлері ғана қатыса алады:

  • денсаулық сақтау (техникалық және әкімшілік персоналды қоспағанда, медицина қызметкерлері);
  • білім беру (техникалық және әкімшілік персоналды қоспағанда, педагог қызметкерлер);
  • мәдениет (техникалық және әкімшілік персоналды қоспағанда, бейінді қызметкерлер);
  • спорт (спортшылар мен жаттықтырушы-оқытушылар);
  • әлеуметтік сала (техникалық және әкімшілік персоналды қоспағанда бейінді қызметкерлер);
  • ЖОО мен ҒЗИ (техникалық және әкімшілік персоналды қоспағанда оқытушылар мен ғылыми қызметкерлер);
  • журналистер (журналистер, тілшілер, продюсерлер және т.б.);
  • Астана қаласының коммуналдық кәсіпорындарының/ мекемелерінің бейінді қызметкерлері (КММ, МКҚК, ШЖҚ МКК, әкімдіктің 100% қатысуымен АҚ және ЖШС);
  • қызмет саласына қарамастан, Астана қаласында “Жетім балалар” санаты бойынша тұрғын үй кезегінде тұрған 35 жасқа дейінгі азаматтар.
  • Астана қаласының полиция департаменті (бейінді қызметкерлер техникалық және әкімшілік персоналды қоспағанда);
  • Астана қаласының төтенше жағдайлар департаменті (техникалық және әкімшілік персоналды қоспағанда, бейінді қызметкерлер);
  • 2022 жылы осы бағдарламаның басталуы жайлы ақпарат zhilfond.kz сайтында жарияланады.

    Қажетті құжаттар тізімі:
    1.Электронды цифрлі кілт;
    2.Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеутуралы куәлік (бала туу, неке қию, некені бұзу және т. б.);
    3.Өтініш берушіге және ҚР бойынша барлықотбасы мүшелеріне жылжымайтын мүліктің болмауы (болуы) туралы анықтама;
    4.Лауазымы мен лауазымдық жалақысыкөрсетілген ұйымның фирмалық бланкісінде берілген жұмыс орнынан анықтама .
    5.ҚР Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес еңбекөтілін растайтын құжаттар (қызметтік тізім, еңбек кітабы немесе т. б.);
    6.Еңбек қызметінің барлық кезеңі үшін зейнетақыаударымдары туралы үзінді-көшірме ерлі-зайыптылардың екеуіне де (жұбайы (зайыбы);
    7.Болған жағдайда: өтініш берушіге немесе оныңотбасы мүшелеріне (жұбайы, балалары)мүгедектігі туралы анықтама;
    8.Депозитте жинақталған соманы көрсете отырып,”Отбасы банк” АҚ-да депозиттік шоттың болуы туралы анықтама (ерлі-зайыптылардың екеуіне де, жинақталған сома 1.8 млн. теңгеден кем болмауы тиіс);
    9.Жұмыс істейтін ерлі-зайыптылардың екеуінде деболған жағдайда соңғы 6 айдағы табысы туралы жұмыс орнынан анықтама;
    10.Жоғары немесе орта арнаулы білімі туралықұжат.


    Туындаған сұрақтарға жауаптарды қайдан алуға болады?
    109 (мобильді) – iKomek
    300 (ұтқыр үшін) – “Отбасы банк”АҚ
    +7-700-725-17-32-байланыс орталығы.