Екінші деңгейлі банктердің Тұрғын үй бағдарламалары туралы азаматтарды хабардар ету мақсатында ТҚЖБ, ЦентрКредит Банк, Еуразиялық банк, АТФ банк, RBK Bank, Халық банк, Цесна Банк, Сбербанк және елорда тұрғындарының қатысуымен дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстел өткізу барсында банк қызметкерлеріне «7-20-25», «Баспана – хит» және т.б. бағдарламалардың талаптарына түсіндірме жүргізілді.