Құрметті Елорда тұрғындары!
Коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаждар есебінде тұрған азаматтарға 2019 жылдың 1-ші ақпанынан бастап 1-ші желтоқсаны аралығында тізімге сәйкес құжаттарын жаңарту қажет.
Құжаттарды Астана қ., Алматы ауд., Р. Қошқарбаев даңғ., 39 үй (М. Жұмабаев көшесінен кіру) мекен-жайында орналасқан Астана қаласы әкімдігінің «Тұрғын үй қоры» КММ-не бекітілген кестеге сәйкес тапсыру қажет.
Коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаждар есебінде тұрған азаматтардан құжаттарын жаңартуға қабылдау кестесі
№ п/п | Категория | Кезекке тіркелген уақыты | Жаңарту мерзімі |
1 | Кәмелетке толғанға дейiн ата-аналарынан айырылған жиырма тоғыз жасқа толмаған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар. | 2006 ж. – 2007 ж. | Ақпан |
2008 ж.- 2009 ж. | Наурыз | ||
2010 ж – 2011 ж. | Сәуір | ||
2012 ж. | Мамыр | ||
2013 ж. | Маусым | ||
2014 ж. | Шілде | ||
2015 ж. | Тамыз | ||
2016 ж. | Қыркүйек | ||
2017 ж. | Қазан | ||
2018 ж. | Қараша | ||
2 | Халықтың әлеуметтiк жағынан осал топтары:
· Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына теңестірілген адамдар; · 1 және 2 топтағы мүгедектер; · мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеушi отбасылары; · ҚР Үкіметі бекiтетiн аурулар тiзiмiнде аталған кейбiр созылмалы аурулардың ауыр түрлерiмен ауыратын адамдар; · жасына қарай зейнет демалысына шыққан зейнеткерлер; · оралмандар; · экологиялық зiлзалалар, табиғи және техногендi сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан тұрғын үйiнен айырылған адамдар; · көп балалы отбасылар; · мемлекеттiк немесе қоғамдық мiндеттерiн, әскери қызметiн орындау кезiнде, ғарыш кеңістігіне ұшуды дайындау немесе жүзеге асыру кезінде, адам өмiрiн құтқару кезiнде, құқық тәртiбiн қорғау кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасылары; · Толық емес отбасылар жатады |
2000 ж.- 2001 ж. | Ақпан |
2002 ж. – 2003 ж. | Наурыз | ||
2004 ж. – 2005 ж. | Сәуір | ||
2006 ж. – 2008 ж. | Мамыр | ||
2009 ж. – 2010 ж. | Маусым | ||
2011 ж. – 2012 ж. | Шілде | ||
2013 ж. – 2014 ж. | Тамыз | ||
2015 ж. – 2016 ж. | Қыркүйек | ||
2017 ж. | Қазан | ||
2018 ж. | Қараша | ||
3 | Мемлекеттiк қызметшiлер, бюджеттiк ұйымдардың қызметкерлерi, әскери қызметшiлер, ғарышкерлікке кандидаттар, ғарышкерлер, арнаулы мемлекеттік орган қызметкерлері және мемлекеттiк сайланбалы қызмет атқаратын адамдар | 2000 ж. – 2004 ж. | Ақпан |
2005 ж. – 2007 ж. | Наурыз | ||
2008 ж. – 2009 ж. | Сәуір | ||
2010 ж. – 2011 ж. | Мамыр | ||
2012 ж. – 2013 ж. | Маусым | ||
2014 ж. | Шілде | ||
2015 ж. | Тамыз | ||
2016 ж. | Қыркүйек | ||
2017 ж. | Қазан | ||
2018 ж. | Қараша | ||
4 | Жалғыз тұрғын үйі ҚР заңнамасында белгіленген тәртіппен авариялық жағдайда деп танылған ҚР азаматтарына жататын ҚР азаматтары | 2010 ж. | Ақпан |
2011 ж. | Наурыз | ||
2012 ж. | Сәуір | ||
2013 ж. | Мамыр | ||
2014 ж. | Маусым | ||
2015 ж. | Шілде | ||
Тамыз | |||
2016 ж. | Қыркүйек | ||
2017 ж. | Қазан | ||
2018 ж. | Қараша |
Жаңартуға қажеті құжаттар тізімі
1) өтініш;
2) өтініш беруші мен оның отбасы мүшелерінің жеке басын растайтын куәліктері;
3) өтініш беруші мен оның отбасы мүшелерінің тұрғылықты тұратын жерi бойынша тiркелгенiн растайтын мекенжай анықтамасы;
4) неке қию/некені бұзу, қайтыс болу, туу туралы куәліктері, өтініш берушінің некеде тұрмайтындығын растайтын анықтамасы (ХҚКО-нан);
5) өтініш берушіде және онымен үнемі бірге тұратын отбасы мүшелерінде Қазақстан Республикасы аумағында жылжымайтын мүліктің болмауы (болуы) туралы анықтамасы;
6) өтініш берушіде және/немесе оның өтінішке енгізілген отбасы мүшелерінде жеке меншік құқығында тұрғын үйдегі үлесі болған кезде құқық белгілеуші құжаттардың көшірмелері;
7) өтініш берушінің ҚР «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 67 бабында көрсетілген санатына жататындығын растайтын құжаты;
8) мемлекеттiк қызметшiлер, бюджеттiк ұйымдардың қызметкерлерi, әскери қызметшiлер, ғарышкерлікке кандидаттар, ғарышкерлер, арнаулы мемлекеттік орган қызметкерлері және мемлекеттiк сайланбалы қызмет атқаратын адамдар жұмыс орнынан анықтамасын және кадр бөлімімен расталған еңбек кітапшасының көшірмесін ұсынады.