АСТАНА ҚАЛАСЫ
ӘКІМДІГІНІҢ
«ТҰРҒЫН ҮЙ ҚОРЫ» КММ

  Астана қ., Республика д., 32 ("Ишим" БО)
  +7 (7172) 28-09-59
  info@zhilfond.kz
  Жұмыс кестесі: Дс-Жм 08:30-18:00
  Құжаттарды қабылдау кестесі: Дс-Жм 08:30-17:00
  Yзіліс: 13:00-14:30

Астана қаласы әкімдігінің «Тұрғын үй қоры» КММ, ескертеді: 


1) «Тұрғын үй қатынастары туралы» заңының 103 – бабына сәйкес мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй жалдаушысымен үшінші тұлғаға жалға берілген жағдайда, жалға алу келісім шартын бұзу туралы сотқа талап қою арызы беріледі және басқа жарамды тұрғын үй берместен шығарылады.
2) Жалға алу келісім шартының талаптарын қадағалау бойынша мониторингті Астана қаласының ІІД қызметкерінің сүемелдеуімен тұрғын үй қорының мониторинг бөлімінің қызметкерлері жүргізеді.
3) Мониторинг жүргізу барысында Сіз есікті ашуға міндеттісіз және Астана қаласының ІІД және мониторинг бөлімі қызметкерлерінен қызметтік күәліктерін көрсетуін талап етуге құқылысыз.
Астана қаласы әкімдігінің «Тұрғын үй қоры» КММ келесі міндеттемелердің орындалуы бойынша мониторинг жүргізеді:
1) Тұрғын үйді жалдау келісім шарты бойынша жалға алушының төлем ақысын өтеуін;
2) Отбасы құрамына қатысы жоқ азаматтардың (үшінші тұлғаға тұрғын үйді жалға беру) тұруын, тұрғын үйді ерікті түрде иеленетін тұлғаларды анықтау;
3) мақсатты пайдалану;
4) Иесіз тұрғын үйді анықтау.