АСТАНА ҚАЛАСЫ
ӘКІМДІГІНІҢ
«ТҰРҒЫН ҮЙ ҚОРЫ» КММ

  Астана қ., Республика д., 32 ("Ишим" БО)
  +7 (7172) 28-09-59
  info@zhilfond.kz
  Жұмыс кестесі: Дс-Жм 08:30-18:00
  Құжаттарды қабылдау кестесі: Дс-Жм 08:30-17:00
  Yзіліс: 13:00-14:30

«Nurly Ertis» тұрғын үй бағдарламасы бойынша қабылдау


«Nurly Ertis» тұрғын үй бағдарламасы бойынша қабылдау мен консультацияны «Павлодар облысының Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ басшысының м.а. Айтбаева Үміт Түлеуқызы жүргізеді. Сондай – ақ Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімдігінің «Халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ қызметкерлері Сіздің жұмысқа орналасу және әлеуметтік бейімделу бойынша барлық сұрақтарыңызға жауап береді.
Екібастұз қаласына қоныстануды қалайтын тұрғын үй кезегінде тұрған көп балалы отбасылардың тізімін жасау басталды, орындар шектеулі.

Өтініштерді қабылдау Р. Қошқарбаев даңғылы, 39 мекен – жайы бойынша орналасқан Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Тұрғын үй қоры» КММ сағат 8.30-дан 17.00 – ге дейін жүргізіледі (түскі үзіліс 13.00 – ден 14.30 – ға дейін).