АСТАНА ҚАЛАСЫ
ӘКІМДІГІНІҢ
«ТҰРҒЫН ҮЙ ҚОРЫ» КММ

  Астана қ., Республика д., 32 ("Ишим" БО)
  +7 (7172) 28-09-59
  info@zhilfond.kz
  Жұмыс кестесі: Дс-Жм 08:30-18:00
  Құжаттарды қабылдау кестесі: Дс-Жм 08:30-17:00
  Yзіліс: 13:00-14:30

«Nurly Ertis» тұрғын үй бағдарламасына өтінім қабылдау хабарланады.


Нұр-Сұлтан әкімдігінің кезектілігіндегі «Көп балалы отбасы» санаты бойынша тұрғын үй есебінде тұрғандарға Екібастұз қаласына көшу үшін «Nurly Ertis» тұрғын үй бағдарламасына өтінім қабылдау хабарланады.

Пәтер саны: 122.

Шаршы метр: 78-80 ш.м. (3-х бөлмелі пәтерлер). .

Ай сайынғы жалға алу төлем бағасы: бір шаршы метрге 99 тг. (7722 теңгеден 8000 теңгеге дейін).

Сізді 120 000 теңгеден кем емес жалақылы жұмысқа орналастырады.
Сіздің балаларыңызды бала-бақшаға тегін қабылдайды, сондай – ақ
мектеп киім үлгісі және жабдықтармен қамтамасыз етеді. 🍖Бала – бақшадағы және мектептегі 11 сыныпқа дейінгі балаларға тегін тамақ ұсынылады.

Балалар мен ата-аналардың біреуіне көліктік жол билеттері беріледі.

Екібастұз қаласында тұрақты тіркеу ұсынылады.

Осы пәтерді меншікке жекешелендіруге болады ма? – Иә, 5 жылдан кейін болады.
Бастапқы жарна: Жоқ.
Талаптары: Сіз коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаждар есебіндегі «Көп балалы отбасы» санаты бойынша әлеуметтік жағынан осал тобы тізімінде немесе басқа санат бойынша тұрып, көп балалы отбасы болуыңыз керек.
4 балаңыздын барлығы кәмлет жасқа толмаған болу керек.
Қажетті құжаттар тізімі:
1) Жеке басты растайтын куәлік және балаларыңыздын туу туралы куәлігі.
2) Барлық отбасы мүшелеріне ҚР аумағында жылжымайтын мүліктің болмауы туралы анықтамасы.
Кезектілікке тіркелу күні маңызды ма? – Жоқ.
Өтініш 25.04.2019 жылдан бастап Р. Қошқарбаев даңғылы, 39 мекен – жайы бойынша орналасқан Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Тұрғын үй қоры» КММ қабылданады.