АСТАНА ҚАЛАСЫ
ӘКІМДІГІНІҢ
«ТҰРҒЫН ҮЙ ҚОРЫ» КММ

  Астана қ., Республика д., 32 ("Ишим" БО)
  +7 (7172) 28-09-59
  info@zhilfond.kz
  Жұмыс кестесі: Дс-Жм 08:30-18:00
  Құжаттарды қабылдау кестесі: Дс-Жм 08:30-17:00
  Yзіліс: 13:00-14:30

“Nurly ertis” тұрғын-үй бағдарламасы


Динара – «Nurly ertis» тұрғын үй бағдарламасы бойынша Нұр-Сұлтан қаласынан Екібастұз қаласына алғашқы қоныс аударған отбасылардың бірі. .

– «Сіздің үмітіңіз қалай ақталды және Сіздің арманыңыз орындалды ма?», – Нұр-Сұлтан қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Сәуле Нұрғожина қоныс аударушыдан қызығушылық танытты.
«Дегенмен, ең бастысы – ол үй. Өзіңнің үйің. Таңертең тұрамын да, ойланамын: Шынымен де біз өз үйіміздеміз ба?» – деп, Динара жауап қатты. Сондай-ақ Динара, олардың пәтерді енді ғана жайғастырып жатқанын, ал жұбайы еңбек тәжірибесінде жүргендігін, бала-бақшаға өтініш бергендігімен бөлісіп жатыр. .

Нұр-Сұлтан қаласынан Екібастұз қаласына көшуді қалайтын көпбалалы отбасыларды жинақтау жалғасуда.
Бүгінгі таңда Ағымдағы жылдың мамыр айында бағытталатын 35 отбасы таңдалды.

Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігінің тұрғын үй қоры 2-3 балалы кезек күтушілер үшін Екібастұз қаласына қоныс аударуға және пәтер алуға ниет білдірген жинақтау басталғандығы туралы хабарлайды.

Осы бағдарлама бойынша қабылдау және консультация беру әр айдың екінші және төртінші жұмасында (14 маусым, 28 маусым,12 шілде, 26 шілде) Р. Қошқарбаев даңғылы, 39 мекенжайы бойынша орналасқан Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Тұрғын үй қоры» КММ жүргізіледі.

Қажетті құжаттар тізімі:
1) Барлық отбасы мүшелеріне жеке басын куәлендіретін құжаттар;
2) Білім туралы куәліктің көшірмесі; (Жоғарғы немесе кәсіби-техникалық білім)
3) Әр баланың туу туралы куәліктерінің көшірмесі;
4) Неке қию туралы куәліктің көшірмесі;
5) Нұр-Сұлтан қаласында тұрғын үйге тіркелу туралы анықтама (Нұр-Султан қаласы әкімдігінің «Тұрғын үй қоры» КММ);
6) ҚР жылжымайтын мүліктің жоқтығы туралы анықтама (ХҚКО).