«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Тұрғын үй қоры» КММ жаңарту үшін коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын жайға мұқтаждар есебінде тұрғын азаматтардың кезектілік тізіміне жыл сайын түгендеу жүргізеді.
Бүгінгі таңда шаруашылық жүргізу құқығында мемлекеттік кәсіпорындарды қайта ұйымдастырудан кейін жұмысқа орналасқан кезектілік күтушілер «бюджеттік ұйым қызметкерлері» санатына жатпайды.
Сондай-ақ, бұл санатқа коммерциялық емес акционерлік қоғамның және акционерлік қоғамның қызметкерлері кірмейді.
Жоғарыда айтылғандардың негізінде, түгендеу аясында осы ұйымдардың қызметкерлері «Мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері, әскери қызметкерлер, ғарышкерлерге үміткерлер, ғарышкерлер және қоғамдық сайланбалы лауазымдардағы адамдар» санатындағы тұрғын үйге мұқтаждар есебіндегі кезектілік күтушілер тізімінен шығарылатындығын хабарлаймыз.