Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Тұрғын үй қоры» КММ
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні
1992 жылы 4 маусымда тәуелсіз Қазақстанның жаңа Мемлекеттік рәміздері алғаш рет бекітілді. Осы күні 2007 жылы “Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы” Конституциялық заң қабылданды. Осы Заңға сәйкес жыл сайын 4 маусым Қазақстан Республикасында Мемлекеттік рәміздер күні ретінде тойланады. Мемлекеттік рәміздер-бұл біздің мемлекетіміздің, егемендігіміздің берік негіздерінің бірі. Қазақстан Республикасында Мемлекеттік рәміздер – Мемлекеттік Ту, Мемлекеттік Елтаңба және Мемлекеттік гимн болып табылады.
Осыған байланысты, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Тұрғын үй қоры» КММ “Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күнін” мерекелеу аясында іс-шарада Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұранын орындап, атап өтті.