Құрметті кезектілік күтушілер!
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Тұрғын үй қоры» КММ «Еңбек» бағдарламасы аясында құжаттардың қабылдануы басталғаны туралы хабарлайды.
Бұл бағдарлама не ұсынады?
Солтүстік Қазақстан облысындағы Қызылжар ауданында тұрғын үй кешені (Байтерек ауылы, Чапаево ауылы, Петерфльд ауылы, Якорь ауылы, Рассвет ауылы, Архангельское ауылы, Налобино ауылы)
– Үйдің ауданы: 70-110 шаршы метр.
– Бұл пәтерді меншікке жекешелендіру мүмкін бе? – Ия, 5 жылдан кейін болады.
– Ай сайынғы жалдау төлемі: 7000-14000 тг.
Әрбір отбасы мүшесіне 88375 теңге көлемінде бір реттік әлеуметтік көмек төленеді.
Шарттары:
-Нұр-Сұлтан қаласында тұрғын үйге кезегінде тұру;
-Отбасылық құрамында 2 және одан да көп балалардың болуы;
-Келесі мамандығының болуға тиіс: Мұғалімдер (ағылшын, математика, физика, химия, қазақ тілі, орыс тілі, биология, бастауыш сыныптар), д, е санатты жүргізушілер, әлеуметтік педагог, дәнекерлеуші, малға қараушы, сауыншы, эндокринолог дәрігер, офтальмолог, онколог, оториноларинголог, терапевт, хирург, рентгенолог, педиатр, фельдшер, агроном, зоотехник, тракторист, механизатор, комбайнер.
Егер Сізде жоғарыда аталған мамандық болмаса, тегін оқыту мүмкіндігі ұсынылады.
Байланыс нөмірі: 87011646596 (Данияр)
Құжаттарды қабылдау Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігінің «Тұрғын үй қоры» КММ-де Қошқарбаев даңғылы, 39 мекен-жайы бойынша іске асырылады.