Құрметті кезектілік күтушілер!
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Тұрғын үй қоры» КММ «Еңбек» бағдарламасы аясында құжаттардың қабылдануы басталғаны туралы хабарлайды.
Бұл бағдарлама не ұсынады?
Солтүстік Қазақстан облысындағы Қызылжар ауданында тұрғын үй кешені (Байтерек ауылы, Чапаево ауылы, Петерфльд ауылы, Якорь ауылы, Рассвет ауылы, Архангельское ауылы, Налобино ауылы)
– Үйдің ауданы: 70-100 шаршы метр.
– Бұл пәтерді меншікке жекешелендіру мүмкін бе? – Ия, 5 жылдан кейін болады.
– Ай сайынғы жалдау төлемі: 7000-9900 тг.
Әрбір отбасы мүшесіне 88375 теңге көлемінде бір реттік әлеуметтік көмек төленеді.
Шарттары:
-Нұр-Сұлтан қаласында тұрғын үйге кезегінде тұру;
-Отбасылық құрамында 2 және одан да көп балалардың болуы;
-Келесі мамандығының болуға тиіс: бухгалтер, қосалқы жұмысшы, машина трактор паркін пайдалану жөніндегі инженер, агроном, тартқыш жүргізуші, механизатор, тракторшы, ара өсіруші, өндірістік оқыту (дәнекерлеу ісі) шебері, өндірістік оқыту шебері (А/ш өндірісінің тракторшы-машинисі), мәдени ұйымдастырушы, қазақ газетінің тілшісі, агроном, кассир, камаз жүргізушісі, механизатор-психиатр, дәрігер-невропатолог, дәрігер-кардиолог, дәрігер-стамотолог, мед.бике, фельдшер, фармацевт, клиникалық зертханашы, реанимобиль жүргізушісі, математика-физика мұғалімі, көркем еңбек мұғалімі, математика мұғалімі, биология мұғалімі, бастауыш сынып мұғалімі, химия мұғалімі, музыка мұғалімі, география мұғалімі, Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі, психолог, АӘД мұғалімі, педагог-психолог, аудармашы, физика және математика мұғалімі, тарих мұғалімі, ағылшын тілі мұғалімі, Көркем еңбек мұғалімі, электрик, психология мұғалімі, әлеуметтік педагог, орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі, биология мұғалімі, физика мұғалімі, технология мұғалімі, бастауыш сынып мұғалімі, ағылшын тілі мұғалімі, мектеп директоры, әлеуметтік педагог, ағылшын тілі мұғалімі, орыс және қазақ тілдерінде оқытатын химия және биология мұғалімі, шағын-орталық тәрбиешісі, психология мұғалімі, сызу/технология мұғалімі, арнайы пән мұғалімі.жөніндегі орынбасары, әдіскер, статист, мұрағатшы, инспектор (әскери қызметке шақыру бойынша), бас зоотехник, машина трактор паркін пайдалану жөніндегі инженер.
Егер Сізде жоғарыда аталған мамандық болмаса, тегін оқыту мүмкіндігі ұсынылады.
Байланыс нөмірі: 87710816537 (Орал)
Құжаттарды қабылдау Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігінің «Тұрғын үй қоры» КММ-де Қошқарбаев даңғылы, 39 мекен-жайы бойынша іске асырылады.