АСТАНА ҚАЛАСЫ
ӘКІМДІГІНІҢ
«ТҰРҒЫН ҮЙ ҚОРЫ» КММ

  Астана қ., Республика д., 32 ("Ишим" БО)
  +7 (7172) 28-09-59
  info@zhilfond.kz
  Жұмыс кестесі: Дс-Жм 08:30-18:00
  Құжаттарды қабылдау кестесі: Дс-Жм 08:30-17:00
  Yзіліс: 13:00-14:30

“Берекелі баспана” бағдарламасымен берілетін сатып алу құқығынсыз жалдамалы тұрғын үй


ЖЕКЕШЕЛЕНДІРУГЕ ҚҰҚЫҒЫ ЖОҚ жалдамалы тұрғын үй бойынша қалалық бағдарламасы аясында Нұр-Сұлтан қаласының «Тұрғын үй қоры» КММ құжаттарды қабылдау туралы хабарлайды.

Бұл бағдарламада «Әлеуметтік жағынан осал», «Жетім балалар», «Көпбалалы отбасылар» санаты бойынша кезекте тұрған азаматтарға арналған.

Әлеуметтік жағынан осал топқа келесі тізім кіреді:
• Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына теңестірілген адамдар;
• мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеушi отбасылары;
• кейбiр созылмалы аурулардың ауыр түрлерiмен ауыратын адамдар;
• жасына қарай зейнет демалысына шыққан зейнеткерлер;
• жетім балалар немесе ата-анасының қарауынсыз қалған азаматтар
• толық емес отбасылар;
• 1 және 2 топтағы мүгедектер;
• оралмандар;
• экологиялық зiлзалалар, табиғи және техногендi сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан тұрғын үйiнен айырылған адамдар;
• мемлекеттiк немесе қоғамдық мiндеттерiн, әскери қызметiн орындау кезiнде, ғарыш кеңістігіне ұшуды дайындау немесе жүзеге асыру кезінде, адам өмiрiн құтқару кезiнде, құқық тәртiбiн қорғау кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасылары.
Пәтер саны: 419

– 84 пәтер «Жетім балалар» (10 үш бөлмелі, 61 екі бөлмелі, 13 бір бөлмелі)
– 84 пәтер «Көпбалалы отбасылар» (10 үш бөлмелі, 61 екі бөлмелі, 13 бір бөлмелі)
– 251 пәтер «Әлеуметтік жағынан осал топтар» (32 үш бөлмелі, 182 екі бөлмелі, 37 бір бөлмелі)

Шаршы метр:
1-бөлмелі (33,49 кв.м.)
2- бөлмелі (48,3-50,5 кв.м.)
3- бөлмелі (66,2-68 кв.м.)

Осы пәтерді меншікке жекешелендіруге болады ма? – ЖОҚ

Бастапқы жарна: Жоқ.
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 28 қазан мен 8 қараша аралығында
Талаптары: Сіз коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаждар есебіндегі «Әлеуметтік жағынан осал топтар», «Жетім балалар», «Көпбалалы отбасылар» санаты бойынша тұруыңыз керек.
Маңызды! Ағымдағы жылдың 21-25 қазан аралығында “Берекелі баспана” бағдарламасы бойынша сатып алу құқығынсыз жалдамалы тұрғын үйге қабылданған барлық өтінімдер осы конкурс үшін қайта қаралатын болады. Бұл дегеніміз, 14 пәтерге құжаттар тапсырған адамдарға осы бағдарламаға құжаттарды қайта тапсырудың қажеті жоқ, біз олардың екі бағдарламаға өтініштерін бірден қарастырамыз.

Құжаттарды қабылдау Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігінің «Тұрғын үй қоры» КММ-де іске асырылады, келесі мекенжай бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы, Р. Қошқарбаев даңғылы 39 (Қошқарбаев-Жұмабаев ауданы, «Барыс» ТК аялдамасы)

Жұмыс уақыты сағат 8.30-дан 17.00-ге дейін, үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.

Тұрғын үйге үміткерлер келесі құжаттарды тапсыруы керек:

1) өтініш;

2) өтініш беруші мен оның отбасы мүшелерінің жеке басын куәландыратын құжат;

3) өтініш берушіні және онымен тұрақты бірге тұратын отбасы мүшелерін тұрғылықты жері бойынша тіркеу туралы мекенжай анықтамасы;

4) неке қию/некені бұзу, жұбайының/зайыбының қайтыс болуы, балалардың туу туралы куәліктері, өтініш берушінің некеде тұрмайтындығы туралы нотариат куәландырған өтініш;

5) өтініш берушінің және онымен тұрақты бірге тұратын отбасы мүшелерінің Қазақстан Республикасының аумағы бойынша меншік құқығындағы үйінің немесе сатып алумен жалдамалы тұрғын үйінің бар немесе жоқ екендігі туралы анықтама; (01.11.2019 дейін)

6) жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар және оның техникалық сипаттамалары (балшықтан құйылған және қаңқалы-қамысты тұрғын үйдегі, жатақханадағы бөлмеде үлесі болған кезде) туралы анықтама, сондай-ақ аталған жағдайларда меншік құқығының туындауын растайтын құжаттар;

7) «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 67-бабында айқындалған санатқа өтініш берушінің қатынасын растайтын құжаттар»:
* толық емес отбасылар некені бұзу туралы/жұбайының (зайыбының) қайтыс болуы туралы/әке болуды анықтау туралы куәлік/ № 4 нысан (көшірмесі);
* көп балалы отбасылар көп балалы ананың кітапшасын ұсынады (көшірмесі);
* жетім балалар ата-анасының қайтыс болуы туралы куәлік/сот шешімі/қорғаншылық туралы құжаттар/балалар үйінен анықтама (көшірмесі);
* 1 және 2 топтағы мүгедектер және мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар мүгедектігі туралы анықтама (көшірмесі);
* жасына байланысты зейнеткерлер зейнетақы кітапшасын (көшірмесі) ұсынады;
* оралмандар оралман куәлігін ұсынады (көшірмесі);
* кейбір созылмалы аурулардың ауыр түрлерімен ауыратын адамдар ауру туралы медициналық қорытынды ұсынады (көшірмесі);
* экологиялық зілзала салдарынан тұрғын үйінен айырылған адамдар тұрғын үйді техникалық тексеру жөніндегі қорытындыны (көшірмесі) ұсынады;