АСТАНА ҚАЛАСЫ
ӘКІМДІГІНІҢ
«ТҰРҒЫН ҮЙ ҚОРЫ» КММ

  Астана қ., Республика д., 32 ("Ишим" БО)
  +7 (7172) 28-09-59
  info@zhilfond.kz
  Жұмыс кестесі: Дс-Жм 08:30-18:00
  Құжаттарды қабылдау кестесі: Дс-Жм 08:30-17:00
  Yзіліс: 13:00-14:30

Тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке қою уақытша тоқтатылды


Құрметті елорда тұрғындары, ағымдағы жылдың 20 қараша мен 13 желтоқсан аралығында «Коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке қою» мемлекеттік қызметке өтініштерді қабылдауды тоқтата тұру жоспарланғанын хабарлаймыз.

Бұл шара тұрғын үй кезегінің бірыңғай ұлттық жүйесін іске қосумен және деректерді жаңа жүйеге көшірумен байланысты.

Техникалық жұмыстар жүргізілгеннен кейін, тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж адамдарды тіркеу үшін құжаттарды ұсыну қалыпты режимде жұмыс жасайтын болады. Уақытша қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз.

Қосымша толық ақпаратты  «Нұр-Сұлтан қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау» ММ, «Алматы» ауданы, Қошқарбаев даңғылы, № 39 мекен-жайы бойынша немесе мына байланыс телефондары арқылы алуға болады: 55-68-22, 55-68-45, 55-68-47, 55-68-34.