Құрметті кезектілік күтушілер!
Нұр-Сұлтан қаласында 20, 21 ақпан күні сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін Бейбітшілік, 14 мекен-жайында орналасқан “Жанұя” отбасы институтын қолдау орталығында қоныс аударуға арналған «Еңбек» бағдарламасы аясында құжаттарды қабылдау басталатыны туралы хабарлайды.
Бұл бағдарлама не ұсынады?
-Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Қарағанды және Ақмола облысында тұрғын үй.
-Жұмыс орны.
Әрбір отбасы мүшесіне 92 785 теңге көлемінде бір реттік әлеуметтік көмек төленеді.
Шарттары:
– Нұр-Сұлтан қаласында 1 жылдан кем емес тұрақты мекен-жай тіркеуі болуы.
Егер Сізде мамандық болмаса, тегін оқыту мүмкіндігі ұсынылады.
Жәрмеңке мақсаты – нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында еліміздің жұмыс күші тапшы аймақтарын еңбек қабілетті қызметкерлермен қамтамасыз ету.
Байланыс нөмірлері: 57-88-88