АСТАНА ҚАЛАСЫ
ӘКІМДІГІНІҢ
«ТҰРҒЫН ҮЙ ҚОРЫ» КММ

  Астана қ., Республика д., 32 ("Ишим" БО)
  +7 (7172) 28-09-59
  info@zhilfond.kz
  Жұмыс кестесі: Дс-Жм 08:30-18:00
  Құжаттарды қабылдау кестесі: Дс-Жм 08:30-17:00
  Yзіліс: 13:00-14:30

Тұрғын үй кезегіне egov.kz арқылы қалай тұруға болады


EGOV.KZ ПОРТАЛЫ АРҚЫЛЫ

«Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы»

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТІНІҢ НҰСҚАУЛЫҒЫ

1. «EGOV.KZ» порталының адресін іздеуге тереміз

2. «Кіру» басамыз

3. Порталға бірнеше жолмен кіруге болады: порталға тіркелген болсаңыз логин/жасырын сөз арқылы, ЭЦҚ – компьютеріңізде ЭЦҚ кілтіңіз болса, біржолғы жасырын сөз – ЭЦҚ кілтіңіз болмаған жағдайда (алайда, кезекке тұру үшін өтініш тапсыру барысында соңында ЭЦҚ кілтпен қол қою сұралады, сондықтан порталға кірудің оңай әрі тез жолы ол ЭЦҚ кілт арқылы кіру).

«ЭЦҚ» таңдап, «Cертификатты таңдаңыз» басыңыз, авторизация жасау үшін бірінші сертификатты таңдау қажет «AUTH….». Сертификатты таңдағаннан кейін шыққан терезеге ЭЦҚ жасырын сөзін енгізіп, (әдеттегідей ол көбісінде стандартты Аа123456 болады) «ашу/открыть» басамыз.

4. ЭЦҚ жасырын сөзін енгізгеннен кейін өтініш берушінің деректері шығады, «қол қою/подписать» басамыз.

5. Іздеуге «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан» жазып, іздеуді басамыз

6. «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе……..» қызметін таңдаймыз

7. «Онлайн сұрау» басамыз

8. ҚАДАМ 1 «Кезекке қою» таңдап, «Бұдан әрі» басамыз

9. ҚАДАМ 2 барлық(* белгіленген) қажетті жолдарды толтырамыз.

Санатты таңдау үшін «–» басамыз

10. Тізімде көрсетілген қажетті санатты таңдаймыз

11. Санатшаны таңдау үшін «–» басамыз

12. Тізімде көрсетілген қажетті санатшаны таңдаймыз

13. «–» баса отырып «Негізі» таңдаймыз

14. Тізімде көрсетілген қажетті негізді таңдаймыз

15. Төменде көрсетілген тармақтарға сәйкестік болған жағдайда құсбелгі қоямыз, әрі қарай телефон нөмерін (+7 — — –), электрондық поштаны көрсету қажет, және отбасы мүшелеріңіз болған жағдайда (жолдасыңыз бен балаларыңыз) әрқайсысының ЖСН кезекпен толтырамыз

16. Отбасы мүшелеріңізді толтырған жағдайда, міндетті түрде «Туыстық дәрежесін» көрсетеміз

17. Егерде өтініш беруші өтінішті «Мемлекеттік қызметші, бюджеттік мекеме қызметкері» санаты бойынша тапсырса, оған жұмыс орнын көрсету қажет, ол үшін келесі жолдарды толтыру қажет – «Ұйымдастыру-құқықтық нысаны», «Ұйымның БСН/ЖК», «Жұмысқа орналастыру күні» және «Лауазымы» (лауазымынан басқа жолдар толтырылуға міндетті)

18. Әрі қарай «Қосымша мәліметтер» құсбелгі қойып, «Деректерді толтыруды аяқтау» басамыз

19. ҚАДАМ 3 ЭЦҚ кілтті таңдаймыз, ол үшін нажимаем «Ақпарат тасымалдағыш» басамыз

20. ЭЦҚ кілттің орналасу жерін табамыз, флешкада болса флешканы, компьютерде болса қажетті папканы таңдап, «ашу/открыть» басамыз

21. Қол қою үшін екінші сертификатты, яғни «RSA…..» таңдап, «ашу/открыть» басамыз

22. ЭЦҚ кілтінің жасырын сөзін теріп, (әдеттегідей ол стандартты Аа123456) «қол қою/подписать» басамыз.

Өтініш толтырып жіберілді. Өтініштің мәртебесін жеке кабинетте «Қызметтер алу тарихы» бөлімінде қарауға болады. Өтініш Тұрғын үй басқармасымен 30 күнтізбелік күн қарастырылады. Кезекке қою туралы немесе кезекке қоюдан бас тарту жауабы смс-хабарлама ретінде телефонға келеді.