Құрметті кезек күтүшілер!
Бүгінгі күні Нұр-Сұлтан қаласында 1986 жылдан бастап тұрғын үй кезегінде тұрған кезектілік күтушілер жоқ, кезекке қоюдың ең ерте мерзімі – 2000 жыл. Әр адам онымен таныса алатын, барлық кезекте тұрғандардың Т.А.Ә. көрсетілген жалпы тізімдері біздің zhilfond.kz сайтымызда жарияланған.
«5-10-20» бағдарламасы тек Нұр-Сұлтан қаласында ғана емес, ҚР барлық қалалары бойынша да жүзеге асырылады және осыдан ҚР қалаларының бірінде 1986 жылдан бастап кезекте тұрғандар бар екендігі түсінікті.
Енді басты сұраққа жауап береміз: «2000, 2005 жылдан бастап тұрғын үй кезегінде тұрған кезектілік күтушілер неге әлі де бар?».
Бұл өте қарапайым, олар ондаған жылдар бойы бізге жүгінбегендіктен және құжаттарды жаңартпағандықтан бізде Кезекте тұрғандардың байланыс деректері жоқ.
Тұрғын үй қоры тарапынан тұрақты негізде Кезекте тұрғандардың деректерін іздеу бойынша жұмыстар жүргізілуде, аталған азаматтарға құжаттарды жаңарту қажеттігі туралы жазбаша хабарламалар жіберіледі, бірақ бізге мекенжай анықтамасына сәйкес тұрғылықты мекенжайы емес, тұрақты тіркелген мекенжайы ғана қолжетімді, олар тіркеу мекенжайы бойынша тұрмауына байланысты кезекте тұрғандардың қолына жетпейді. Сондай-ақ, тұрғын үй қорының мониторингі мамандары өтініш берушінің мекенжай анықтамасында көрсетілген мекенжайлар бойынша жүреді, бірақ бәрі сәтсіз. Осының барлығы, егер кезекте тұрғандар өз құжаттарын уақытында жаңартса және тұрғын үй бағдарламаларына қатысса, олардың кезекке қойылған ерте күнін ескере отырып, әлдеқашан тұрғын үй алаған болар еді дегенді білдіреді.
Бүгінгі күні тұрғын үй бағдарламаларына қатысу өте маңызды, өйткені бағдарламаға қатысуға өтінішсіз Сізді тұрғын үйге үміткер ретінде қарастырмайды. Сондай-ақ, 2006 жылдан бастап кезекте тұрғандардың әлі тұрғын үй алмағандығы туралы наразылықтары да бар, бірақ олар сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй бағдарламасына құжаттарды тапсырмайды, ал сатып алу құқығымен 2 жылдан бері салып жатқан жоқ,
осыған байланысты сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй бағдарламасында қатысуға құжаттарын тапсырмағандарға қарағанда кезекте кейіннен тұрғандар өтеді. Тұрғын үй бағдарламаларын жіберіп алмаңыздар, талаптарға сай болған кезде әрқашан қатысыңыздар және тұрғын үй бағдарламалары туралы ақпаратты қадағалаңыздар. Енді «5-10-20» бағдарламасына қатысты, осы бағдарламаны іске асыруды толығымен ТҮҚЖБ айналысады, бұл пилоттық жоба болғандықтан, өтінімдерді қабылдау 2010 жылға дейін кезекте тұрғандардан басталады және іске асыру қорытындысы бойынша кезекте тұрғандардан 2014 жылға дейін өтінім қабылдау мүмкіндігі туралы белгілі болады. Біздің интернет-ресурстардағы ақпаратты қадағалаңыздар.