АСТАНА ҚАЛАСЫ
ӘКІМДІГІНІҢ
«ТҰРҒЫН ҮЙ ҚОРЫ» КММ

  Астана қ., Республика д., 32 ("Ишим" БО)
  +7 (7172) 28-09-59
  info@zhilfond.kz
  Жұмыс кестесі: Дс-Жм 08:30-18:00
  Құжаттарды қабылдау кестесі: Дс-Жм 08:30-17:00
  Yзіліс: 13:00-14:30

Сақ және абай болуларыңызды сұраймыз.


Құрметті азаматтар!

Осындай сипаттағы құжаттар бүкіл ел бойынша таратылуда. Бұл құжат жалған болып табылады және тұрғын үй алуға негіз бола алмайды.

Сақ және абай болуларыңызды сұраймыз.

Тұрғын үй қоры тұрғын үй алу туралы осындай хабарламады ешқашан таратқан жоқ және таратпайды да, сондай-ақ, мерзімі өткен несиелерге байланысты біз тұрғын үй кезегі есебінен шығармаймыз.

Егер сіздің жалдамалы тұрғын үй кезегіңіз келсе, тек құжаттарды жаңарту және өз санатын растау қажет, бұл ретте бастапқы жарна немесе құжаттарды рәсімдеу үшін төлем талап етілмейді.

Егер Сізге мұндай хабарлама жіберілсе және ақша талап етсе, дереу 102 нөмірі бойынша хабарласуларыңызды сұраймыз. Коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй мұқтаждар есебінде тұрған азаматтарға тізімде белгіленген кезек тәртібімен немесе тұрғын үй бағдарламасы шеңберінде беріледі.