Құрметті кезекте тұрғандар!
Ағымдағы жылдың мамыр айында «Бақытты отбасы» жеңілдетілген несие бағдарламасы аясында «Толық емес отбасы» «Мүгедек баланы тәрбиелеп отырған отбасы» санаты үшін 207 жолдама, және «Көп балалы отбасы» санаты үшін 207 жолдама, жалпы ТҚЖБ 414 жолдама берілді.
Бүгінгі күні «Толық емес отбасы», «Мүгедек баланы тәрбиелеп отырған отбасы» санаттары бойынша ТҚЖБ – 65 адам, «Көп балалы отбасы» санаты бойынша – 67 адам төлем қабілеттіліктерін іріктеуден өткен жоқ. Демек, бұл жолдамалар резервтік тізімнен келесі үміткерлерге берілетін болады, бұл тізім кезекке қою күні бойынша «Бақытты отбасы» бағдарламасына қатысуға құжаттар бергендер арасында қалыптастырылған.
Резервтік тізімдегі қатысушыларға жаңа жолдамалар бағдарлама бойынша өтінім берген кезде көрсеткен поштаңызға электрондық форматта жіберілетін болады.