«Шаңырақ» (5-10-20) бағдарламасы аясында «Халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары» санаты үшін бастапқы жарнаның бір бөлігін жабу үшін 1 млн. теңге мөлшерінде тұрғын үй сертификатын ұсыну жоспарлануда.
«Халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары» санатына жататындар:
– жетім балалар;
– 1 және 2 топтағы мүгедектер;
– толық емес отбасылар;
– көп балалы отбасылар;
– мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеуші отбасылар;
– жасына байланысты зейнеткерлер;
– оралмандар;
– ҰОС ардагерлері;
– жеңілдіктер бойынша ҰОС ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер;
– басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері;
– кейбір созылмалы аурулардың ауыр түрлерімен ауыратын адамдар;
– экологиялық зілзалалар салдарынан тұрғын үйінен айырылған адамдар;
– мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерді орындау кезінде қаза тапқан адамдардың отбасылары;
Бүгінгі таңда «5-10-20» бағдарламасына 2015 жылға дейін (қоса алғанда) тұрғын үй кезегінде тұрған барлық санаттар қатыса алады.
Осы бағдарлама аясында тұрғын үй сертификатын алу үшін Сізге керек:
– ТҚЖБ сайты арқылы бағдарламаға қатысуға өтінім беру;
– банкте төлем қабілеттілігін бағалаудан өту;
– бастапқы нарықта пәтер табу;
– банктен тұрғын үй сертификатын аудару үшін реквизиттері бар хабарлама алу; Барлық осы кезеңдерден өткеннен кейін ғана Сіз банктен хабарлама ала отырып, Р. Қошқарбаев даңғылы, 39 мекенжайы бойынша орналасқан Нұр-Сұлтан қаласының Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасына тұрғын үймен қамтамасыз ету жөніндегі азаматтарды есепке алу бөліміне тұрғын үй сертификатына жүгінесіз.