АСТАНА ҚАЛАСЫ
ӘКІМДІГІНІҢ
«ТҰРҒЫН ҮЙ ҚОРЫ» КММ

  Астана қ., Республика д., 32 ("Ишим" БО)
  +7 (7172) 28-09-59
  info@zhilfond.kz
  Жұмыс кестесі: Дс-Жм 08:30-18:00
  Құжаттарды қабылдау кестесі: Дс-Жм 08:30-17:00
  Yзіліс: 13:00-14:30

Желтоқсанның басында жұмыс істейтін жастардан сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үйге өтінімдер қабылдауды бастау жоспарлануда.


Құрметті азаматтар!

Желтоқсанның басында жұмыс істейтін жастардан сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үйге өтінімдер қабылдауды бастау жоспарлануда.
Өтінімдерді қабылдау басталғанға дейін алдын-ала біздің интернет-ресурстарымызда құжаттарды тапсыру мерзімі туралы және құжаттар қабылданатын портал туралы ақпарат жарияланатын болады.
Сондай-ақ, бұл тұрғын үй тек жұмыс істейтін жастарға 5 жыл мерзімге берілетінін хабарлаймыз. Яғни, 5 жылдан кейін Сіз берілген тұрғын үйді босатуыңыз керек. Егер Сіз іріктеуден өтіп, осындай тұрғын үйді алсаңыз, тұру кезінде өз пәтеріңізге бастапқы жарнаны жинауға кеңес береміз.
Егер бұрын тұрғын үйді жалға алу үшін ай сайын 90 000 – 120 000 теңге төлесеңіз, онда осы тұрғын үй үшін 5 – 15 000 теңге төлейсіз, бұл Сізге өз тұрғын үйіңізді сатып алу үшін 5 жыл ішінде ақша жинауға мүмкіндік береді.

Бұл жұмыс істейтін жастардың өз баспаналарына ақша жинау мүмкіндігі болуы үшін мемлекеттен қолдау.
Құжаттарды тапсыру тәсілі: тек электронды түрде (кейінірек порталдың мекенжайы жарияланады);

Құжаттарды тапсыру мерзімі: қараша айының соңында немесе желтоқсан айының басында;
2020 жылға арналған пәтерлер саны: 350;
Тұрғын үй түрі: сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй;
Тұрғын үй келесі мерзімге беріледі: 5 жыл, ұзарту құқығынсыз;
Ай сайынғы жалдау ақысы: 5 000 – 15 000 теңге;

Шарттары:

  • 29 жасқа толмаған ҚР азаматы;
  • аяқталған орта/арнайы орта/жоғары/жоғары оқу орнынан кейінгі білім және ресми жұмысқа орналастыру;
  • Нұр-Сұлтан қаласында соңғы 2 жылдан кем емес тұрақты үздіксіз тіркелу;
  • өтініш берушіде және отбасының барлық мүшелерінде ҚР бойынша меншік құқығында, сондай-ақ 2 жыл ішінде сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үйдің болмауы;
  • төлем қабілеттілігін растау (ай сайынғы табыс минимум 111 120 теңге/соңғы 6 айда 40 АЕК).

Егер Сіз Нұр-Сұлтан қаласында ТЖ кезінде 42500 теңге алған болсаңыз және ол аяқталғаннан кейін қашықтан жұмыс нысанында болсаңыз, соның салдарынан Сіздің кірістеріңіз төмендеген болса, бұл өзгерістер Сіздің өтінішіңізді қарастыру кезінде ескерілетін болады.

Бірінші кезекте Сізге ЭЦҚ кілтін алу қажет, ал тізім бойынша анықтамалардың барлығы жаңа болуы және өтінім берген кезде алынуы керек.

Қажетті құжаттар тізімі:

  1. Өтініш берушінің ЭЦҚ кілті;
  2. Өтініш берушінің және отбасы мүшелерінің (жұбайы, балалары болған жағдайда) жеке куәлігінің сканерленген нұсқасы;
  3. Дипломның сканерленген нұсқасы (жоғары білім туралы диплом, мектеп аттестаты, біліктілік, арнайы-техникалық білім туралы диплом – бар дипломдардың бірі);
  4. . Неке қию туралы куәліктің сканерленген нұсқасы (болған жағдайда);
  5. Балалардың туу туралы куәлігінің сканерленген нұсқасы (болған жағдайда);
  6. Өтініш берушіге және отбасы мүшелеріне Қазақстан Республикасы бойынша жылжымайтын мүліктің жоқтығы туралы анықтаманың сканерленген нұсқасы (болған жағдайда жұбайы, балаларына да);
  7. Жұмыс орнынан анықтаманың сканерленген нұсқасы (меншік нысанындағы мемлекеттік органдардың «ММ», «КММ», «РММ», «МКҚК», «РМҚК», «ШЖҚ МКК», «ШЖҚ РМК» қызметкерлерінде жұмыс орнынан мемлекеттік қызметтегі жалпы өтілі көрсетілген мекеменің фирмалық бланкісіндегі анықтама болуы тиіс);
  8. Еңбек қызметінің бүкіл кезеңі үшін БЖЗҚ зейнетақы аударымдары туралы анықтаманың сканерленген нұсқасы;
  9. Зейнетақы аударымдары есептелмейтін әскери қызметшілерге жұмыс орнынан Сіз тұрғын үй төлемдерін алмайтындығыңыз туралы анықтаманы қоса беру қажет;
  10. Мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелердің қызметкерлері қызметтік тізімді ұсынуы қажет (болмаған жағдайда, ҚР Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес құжаттардың бірін ұсынуы қажет);
  11. Банктік шоттың бар екендігі және нөмірі туралы анықтаманың сканерленген нұсқасы (карточкалық шот, ағымдағы, жинақ, дебеттік шот және т. б. – бар шоттардың бірі);
  12. Банктік шот бойынша ақша қалдығы және қозғалысы туралы үзінді көшірменің сканерленген нұсқасы;
  13. Өтініш берушінің жеке жетістіктері туралы құжаттың сканерленген нұсқасы;
  14. Жеке кәсіпкерлер жеке кәсіпкер ретінде қызметінің басталғаны туралы хабарлама ұсынады;

Қатысуға құжаттар тапсырған азаматтар арасында іріктеу балдық жүйе бойынша жүргізіледі.

  • Отбасының болуы үшін – 5 балл, Некенің әр жылы үшін – 2 балл;
  • Баланың болуы үшін-1 балл, келесі әрбір бала үшін – 2 балл;
  • Бюджеттік ұйымдардағы (мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік кәсіпорындардағы) еңбек қызметі үшін – 5 балл, еңбек өтілінің әр жылы үшін -1 балл;
  • нарық сұранысына ие 100 мамандық тізіміне сәйкес мамандықты игерген өтініш берушіге – 10 балл (тізім сайтта жарияланған zhilfond.kz);
  • жеке кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру кезінде кемінде 1 жыл – 5 балл, әрбір жыл үшін – 1 балл;
  • өтініш берушінің әртүрлі қызмет салаларында жеке жетістіктері болған кезде (кәсіби саладағы жетістіктері ескеріледі) – 2 балл;
  • екінші деңгейдегі банктердегі жинақ шоттарындағы жинақтардың әрбір жылы үшін – 2 балл.