Тұрғын үй орталығы көп балалы отбасылар үшін сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үйге құжаттардың қабылданатындығы туралы хабарлайды.
Бұл бағдарламаға “Көп балалы отбасылар” санаты бойынша тұрғын үйге кезекте тұрған көп балалы отбасылар (тек осы санат) қатыса алады.
Пәтерлердің жалпы саны 126, оның ішінде:
– 116 үш бөлмелі пәтер (60-123 ш.м.);
– 10 төрт бөлмелі пәтер (110-112 ш.м.);
Тұрғын үй түрі: сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй;
Орналасқан орны:
4-бөлмелі пәтерлер – Е 430 к-сі;
3-бөлмелі пәтерлер – Р. Қошқарбаев даңғылы, Е435 көшесі, Омаров көшесі, Ж. Нәжімеденов көшесі, А-91 көшесі, Н. Тілендиев даңғылы;
Қабылдау күні: 2020 жылғы 24 қарашадан бастап қоса алғанда 1 желтоқсанға дейін;
Құжаттарды қабылдау тек электронды түрде көрсетілген кезеңде («Онлайн сервистер» – «Сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үйге өтінім беру» бөлімі) zhilfond.kz сайты арқылы жүргізіледі;
Шарттары: Нұр-Сұлтан қаласында «Көп балалы отбасы» санаты бойынша тұрғын үйге кезекте тұру.
Іріктеу тұрғын үй кезегіне қою күні мен отбасы құрамы бойынша «Көп балалы отбасы» санаты бойынша кезекте тұрғандардың қатысуға құжаттарын тапсырғандар арасында өтеді.
Өтініш беру үшін Сізде болуы керек:
1) ЭЦҚ кілті (ЭЦҚ-ны үйден шықпай-ақ қалай алуға болатындығын бұрын посттан қараңыз);
2) отбасы мүшелері балаларының туу туралы куәлігі/жеке куәлігі сканерленген нұсқасы (болған жағдайда);
3) мүгедектік туралы анықтаманың сканерленген нұсқасы (болған жағдайда).
Өтініштерді қарастыру нәтижелері туралы кейінірек zhilfond.kz сайтында және тұрғын үй орталығының әлеуметтік желілерінде жарияланатын болады.
Жауаптар-сұрақ:
Мен көп балалы отбасымын, бірақ «Толық емес отбасы»/ «мемлекеттік қызметші» және т.б. ретінде тұрғын үйге кезекте тұрмын, өтініш тапсыра аламын ба? – Жоқ, тек «Көп балалы отбасы» санаты бойынша кезекте тұрған азаматтар ғана өтініш бере алады.