АСТАНА ҚАЛАСЫ
ӘКІМДІГІНІҢ
«ТҰРҒЫН ҮЙ ҚОРЫ» КММ

  Астана қ., Республика д., 32 ("Ишим" БО)
  +7 (7172) 28-09-59
  info@zhilfond.kz
  Жұмыс кестесі: Дс-Жм 08:30-18:00
  Құжаттарды қабылдау кестесі: Дс-Жм 08:30-17:00
  Yзіліс: 13:00-14:30

Неліктен менің кезегім артқа жылжыды?


Тұрғын үй орталығы «Тұрғын үй қатынастары туралы» ҚР Заңының 71-бабы 5-тармағына сәйкес мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй кезегіне түгендеу жүргізеді. Осылайша, 2018 жылдың тамыз айынан бастап «Тұрғын үй қатынастары туралы» ҚР Заңының 73-бабына сәйкес тұрғын үй кезегінде тұруға негізі жойылған 11 мыңнан астам адам анықталды және кезектен шығарылды.

Оларды қатты қуантқан, көптеген азаматтар олардың кезегі күрт алға жылжығанын байқаған болуы мүмкін.

Алайда, азаматтар олардың кезегі 1-2 позицияға артқа жылжығаны туралы шағымданған жағдайлар бар.

Бұл бұрын кезектен шығарылған азаматтардың кезектен шығару туралы келіспеуіне байланысты сотқа талап-арыз беруіне байланысты. Сәйкесінше, заңды күшіне енген сот шешімінің негізінде әкімдік кезектен алынған азаматты дәл сол жерден шығарылған жерге қалпына келтіреді. Осы жерден және одан кейін тұрған азаматтар артқа қарай жылжыйды.

Тұрғын үй кезегінен шығарылған және қалпына келтірілгендердің тізімдері zhilfond.kz және zhil-astana.kz сайттарындағы «Тұрғын үй» бөлімінде жарияланған.

Құрметті азаматтар! Егер Сіздің кезегіңіздің қозғалысына қатысты сұрақтар туындаған болса, Тұрғын үй орталығы әрбір кезекте тұрғандарға оның кезегінің қозғалыс динамикасын жеке түсіндіруге дайын, сондай-ақ Сіз жазбаша нысанда өтініш жаза аласыз. Біз Республика даңғылы, 32, «Есіл» БО мекенжайы бойынша орналасқанбыз.