АСТАНА ҚАЛАСЫ
ӘКІМДІГІНІҢ
«ТҰРҒЫН ҮЙ ҚОРЫ» КММ

  Астана қ., Республика д., 32 ("Ишим" БО)
  +7 (7172) 28-09-59
  info@zhilfond.kz
  Жұмыс кестесі: Дс-Жм 08:30-18:00
  Құжаттарды қабылдау кестесі: Дс-Жм 08:30-17:00
  Yзіліс: 13:00-14:30

«Көпбалалы отбасылар» санаты бойынша жалға берілетін тұрғын үйге өтініш беру бойынша нұсқаулық


  1. Өтініш бергіңіз келетін бағдарламаны таңдаңыз:
  2. Қажетті интерфейс тілін таңдаңыз және «Өтініш беру» түймесін басыңыз
  3. «Көп балалы отбасылар» санаты бойынша кезекте тұрған адамның ЖСН енгізіңіз және «Тексеру» батырмасын басыңыз
  4. Кезекте тұрғандар ғана қатыса алатындықтан, кезекте тұрмаған азаматтар келесі қадамға өте алмайды. Егер Сіз кезекте тұрмасаңыз, компьютер келесі хабарламаны шығарады:
  5. Егер Сіз бірінші қадамға өткен болсаңыз, барлық деректерді міндетті түрде көрсетіп, өтініш беру нысанын толтырыңыз.
  6. Екінші қадам: жұбайының деректерін (аты-жөні, ЖСН) жазып, оның жеке куәлігін және неке туралы куәліктің скан-нұсқасын 1 PDF файлға тіркеу қажет. Әрі қарай, “баланы Қосу” түймесін басып, куәлікті тіркей отырып, форманы жұбайының формасына сәйкес толтырыңыз немесе
  7. Үшінші қадам: Ф-6 анықтамаларын барлық отбасы мүшелеріне тіркеңіз
  8. Төртінші қадам: Сіздің отбасыңызда мүмкіндігі шектеулі адамдар бар-жоғын көрсетіңіз. Егер жоқ болса, «Жоқ» құсбелгісін қойыңыз, егер иә болса, «Иә» құсбелгісін қойыңыз. Егер Сіздің отбасыңызда мүмкіндігі шектеулі адамдар болса, мүгедектік туралы анықтаманы тіркеңіз. Егер олардың біреуі мүгедектер арбасының көмегімен қозғалса, тиісті құсбелгіні қойыңыз.
  9. Барлық нысандарды толтырғаннан кейін, жеке деректерді жинауға және өңдеуге келісетініңізді белгілеңіз және «Қол қою және жіберу»  батырмасын басыңыз
  10. Одан әрі диалогтық терезеде ЭЦҚ-кілтін компьютерге алдын-ала көшіре отырып, «Компьютер» сақтау жолын таңдаңыз. RSA файлын таңдағаннан кейін парольді енгізіп, «Қол қою» түймесін басыңыз.
  11. Өтінішті сәтті тапсырғаннан кейін, Сіз өзіңіздің өтінішіңіздің формасын PDF форматында жүктей аласыз. Сондай-ақ оның көшірмесі Сізге көрсетілген электрондық мекенжайға жіберіледі.