АСТАНА ҚАЛАСЫ
ӘКІМДІГІНІҢ
«ТҰРҒЫН ҮЙ ҚОРЫ» КММ

  Астана қ., Республика д., 32 ("Ишим" БО)
  +7 (7172) 28-09-59
  info@zhilfond.kz
  Жұмыс кестесі: Дс-Жм 08:30-18:00
  Құжаттарды қабылдау кестесі: Дс-Жм 08:30-17:00
  Yзіліс: 13:00-14:30

Нұр-Сұлтан қаласының «Тұрғын үй орталығы», сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үйге құжаттардың қабылданатындығы туралы хабарлайды («Қазақстан тұрғын үй компаниясы» АҚ).


Нұр-Сұлтан қаласының «Тұрғын үй орталығы», сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үйге құжаттардың қабылданатындығы туралы хабарлайды («Қазақстан тұрғын үй компаниясы» АҚ).
Атаулы бағдарламаға тұрғын үй кезегінде тұрған барлық санаттары және сала қызметкерлері болып табылатын азаматтар қатыса алады:
1) Білім беру;
2) Денсаулық сақтау;
3) Мәдениет;
4) Спорт;
5) Әлеуметтік қорғау;
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігіне ведомстволық бағынысты мекемелері
6) Полиция департаменті;
7) Төтенше жағдайлар департаменті.

Өтінімді тұрғын үйге кезекте тұрған барлық санаттар және жұмыс орны бойынша талаптарға сәйкес келетіндер бере алады (көп балалы отбасылар, толық емес отбасылар, мемлекеттік қызметшілер және т.б.).

Пәтер саны: 297

Ортақ пәтердің саны сала қызметтеріне бөлінген, олардың ішенде:
1) Білім беру – 51 квартир, из них 1-ком.кв – 14, 2-ком.кв.- 19, 3-ком.кв. -15, 4-ком.кв.-3;
2) Денсаулық сақтау – 57 пәтер, оның ішінде 1-бөл.п.-16, 2- бөл.п.- 22, 3- бөл.п. -16, 4- бөл.п.-3;
3) Мәдениет – 35 пәтер, оның ішінде 1- бөл.п.-10, 2- бөл.п.- 13, 3- бөл.п. -10, 4- бөл.п.-2;
4) Спорт – 41 оның ішінде 1- бөл.п.-11, 2- бөл.п.- 16, 3- бөл.п.-11, 4- бөл.п.-3;
5) Әлеуметтік қорғау – 45 оның ішінде 1- бөл.п.-12, 2- бөл.п.- 17, 3- бөл.п. -13, 4- бөл.п.-3;
6) Полиция департаменті – 48 оның ішінде 1- бөл.п.- 14, 2- бөл.п.- 18, 3- бөл.п. -13, 4- бөл.п.-3;
7) Төтенше жағдайлар департаменті – 20 оның ішінде 1- бөл.п.-5, 2- бөл.п.- 8, 3- бөл.п. -6, 4- бөл.п.-1;

Тұрғын үй түрі: сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үй;
1 ш. метрге жалға алу құны – 1455 теңге;
Жалға алудың ең ұзақ мерзімі – сатып алу құқығымен 20 жылға дейін;
Тұрғын үй жалға алу мерзімі өткеннен кейін жалға алушының меншігіне өтеді;
Табыс жеткіліксіз болған жағдайда кепілгерлерді тарту мүмкіндігі;

Орналасқан жері: ТҮ «Сапа» (Косшыгулулы, 7), ТҮ «Тлендиева» (пр.Тлендиева), ТҮ «Шугла» («Сарыарка» ауданы мен Абая көшесінің қиылысы);
Қабылдау күні: 2021 жылдың 30 сәуірінен 10 мамырға дейін;
Бастыпқы жарна: жоқ;

Өтінімдерді қабылдау электронды түрде жүргізіледі, 2021 жылдың 30 сәуірден бастап qatysu.zhilfond.kz (демалыссыз жұмыс істейді) порталында.

Құжаттар тізімі:
1) ЭЦҚ кілті;
2) өтінім берген сәтте 10 күннен кешіктірмей берілген мекеменің фирмалық бланкісіндегі жұмыс орнынан анықтаманың сканерленген нұсқасы.

Сіз өзіңіздің отбасыңыздың құрамына қарамастан, кез-келген (1,2,3 бөлмелі) пәтерге үміткер бола аласыз.
Дегенмен, Сіз таңдаған пәтер түрін алуға мақұлдау Сіздің төлем қабілеттілігіңізге тікелей байланысты.

Мысал:
Егер Сіз таңдасаңыз:
1 бөлмелі пәтер:
Жалпы ауданы – 37 ш.м.,
Шаршы үшін төлем – 1455 тг.,
Жалпы төлем – 53 835 тг.,
Отбасына шамамен алынған табыс – 110 000 тг. (өзге міндеттемелерді есепке алмағанда).

Бағдарлама 2 кезеңде жүзеге асырылады:

1) Қатысуға өтініш беру және кезекке қою күніне сәйкес іріктеу;
2) Кезекке қою күні бойынша байқаудан өткеннен кейін Қазақстан ипотекалық компаниясында төлем қабілеттілігі рәсімдерінен өту қажет (8 800 080-44-48 ҚИК жедел желі телефоны).

Өтініштерді қарау нәтижелері туралы кейінірек zhilfond.kz және zhil-astana.kz сайттарында және Тұрғын үй орталығының әлеуметтік желілерінде жарияланатын болады.