АСТАНА ҚАЛАСЫ
ӘКІМДІГІНІҢ
«ТҰРҒЫН ҮЙ ҚОРЫ» КММ

  Астана қ., Республика д., 32 ("Ишим" БО)
  +7 (7172) 28-09-59
  info@zhilfond.kz
  Жұмыс кестесі: Дс-Жм 08:30-18:00
  Құжаттарды қабылдау кестесі: Дс-Жм 08:30-17:00
  Yзіліс: 13:00-14:30

Жалға берілетін тұрғын үй үшін ақы төлеу тәсілдері


Тұрғын үйдің жалға алу ақысын төлеу үшін кез келген екінші деңгейлі банкте 201507 БСК көрсетумен, міндетті түрде негізгі жалдаушының ЖСН көрсетуімен төлеуге болады! Немесе банктің (Kaspi.kz) мобильді қосымшасы арқылы төлеуге болады), ол үшін:

1. “Төлемдер” бөліміне өтіңіз

2. Одан әрі “Бюджетке айыппұлдар мен салықтар” бөліміне

3. Одан әрі “Салықтар” бөліміне

4. Одан әрі “Деректемелер бойынша жеке тұлғалар үшін салық” бөліміне

5. Көрсетіңіз “Төлем түрі» (201 507) таңдайсыз

6. Тұрғын үй мекенжайының айданын таңдайсыз

7. Негізгі жалдаушының ” ЖСН ” көрсетіңіз

8. Негізгі жалдаушының «Аты-жөні» көрсетіңіз

9. «Кезеңі 2021 жыл» көрсетіңіз

10. Өсімақыны ескере отырып (бар болса), “Төлем сомасын” көрсетіңіз

Және бұдан әрі төлеу жүргізесіз.

Маңызды!

– Мобильді қосымша арқылы жалдау ақысының төлемі жасалған сәттен бастап 3 жұмыс күнінен кейін түседі, осыған байланысты осы фактіні ескере отырып, айдың 25-інен кешіктірмей төлем жүргізу қажет.

– Жалдау шартына сәйкес, егер жалдау ақысы 6 айдан артық себепсіз төленбесе, жалға беруші жалға алушымен жалдау шартын бұзуға құқылы. Жалдау ақысын әр айдың 25-інен кешіктірмей төлеу керек.

Егер сізде жалдау бойынша қарызыңыз болса және өсімақымен карыз қанша екенін білмесеңіз, мониторинг бөлімінің ватсапына 8-776-340-54-12 жаза аласыз (негізгі жалдаушының аты-жөні мен ЖСН көрсету керек).