АСТАНА ҚАЛАСЫ
ӘКІМДІГІНІҢ
«ТҰРҒЫН ҮЙ ҚОРЫ» КММ

  Астана қ., Республика д., 32 ("Ишим" БО)
  +7 (7172) 28-09-59
  info@zhilfond.kz
  Жұмыс кестесі: Дс-Жм 08:30-18:00
  Құжаттарды қабылдау кестесі: Дс-Жм 08:30-17:00
  Yзіліс: 13:00-14:30

«Сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үй» (ҚТК арқылы) бағдарламасы бойынша өтінім бергендердің барлығының тізімі жарияланды.


Құрметті кезектілік күтүшілер!
Бұл тізімдерде төмендегідей белгіленген:

1) «Өткендер» – бағдарлама бойынша өткен өтініш берушілер;


2) «Өтпегендер» -қандай да бір себептермен қатысудан бас тартылғандар (мүлкінің болуы, жұмыс орнынан анықтама қоса берілмеген немесе жұмыс орнына сәйкес келмейді және т. б.) немесе тұрғын үй кезегіне қойылған күні бойынша өтпегендер;


3) «Резерв» – егер негізгі өткендердің арасында төлем қабілеттілігін растай алмайтындар болса, ҚИК шақыруы мүмкін тұлғалар.

Осы бағдарлама бойынша іріктеу әрбір қызмет саласы бойынша жеке, яғни білім беру, денсаулық сақтау және т.б. бойынша жүргізілді.
Әрбір қатысушыға өтінім берген кезде көрсеткен электрондық поштасына өтінімнің мәртебесі жіберіледі, егер бұл бас тарту болса, онда бас тартудың себебі көрсетіледі.
Бағдарлама бойынша өткендердің барлығын жақын арада Қазақстандық тұрғын үй компаниясынан шақыратын болады, одан әрі қандай әрекет жасайтындығы жайлы ақпартты қоңырау немесе смс арқылы хабарлайды.