Бүгінгі күні тұрғын үйге кезекте тұрғандардың электрондық базасы отбасы жағдайының өзгеруі туралы дұрыс деректерді әрдайым көрсете бермейді, яғни, егер сіз, мысалы, тұрмыста/үйленген болып тұрып, бірақ кейін ажырасқан болсаңыз, сіздің некені бұзу туралы деректерді электрондық база көре алмауы мүмкін.
Мұндай жағдай кейіннен сіздің бұрынғы жұбайыңыз/зайыбының ажырасқаннан кейін тұрғын үйге ие болса, онда сіздің ажырасқан күйіңізді көрмеу мүмкіндігіне байланысты электрондық база сізді тұрғын үй кезегінен автоматты түрде алып тастайды. Осыған байланысты, кезекке қойылған сәттен бастап отбасылық мәртебесі өзгерген азаматтар электрондық базадағы өзекті мәліметтерді көрсету үшін тұрғылықты жері бойынша ХҚКО жұбайының/зайыбының отбасы құрамынан шығару туралы жазбаша өтінішпен, құжаттар тізбесімен (жеке басын сәйкестендіру, некені бұзу немесе сот шешімі) жүгінуі қажет.