АСТАНА ҚАЛАСЫ
ӘКІМДІГІНІҢ
«ТҰРҒЫН ҮЙ ҚОРЫ» КММ

  Астана қ., Республика д., 32 ("Ишим" БО)
  +7 (7172) 28-09-59
  info@zhilfond.kz
  Жұмыс кестесі: Дс-Жм 08:30-18:00
  Құжаттарды қабылдау кестесі: Дс-Жм 08:30-17:00
  Yзіліс: 13:00-14:30

Енді «Тұрғын үй орталығына» бару тек сіздің ковид мәртебеңізді көрсететін QR коды арқылы мүмкін болады.


Құрметті азаматтар!

Енді «Тұрғын үй орталығына» бару тек сіздің ковид мәртебеңізді көрсететін QR коды арқылы мүмкін болады. QR кодының күйін kaspi.kz қосымшасы арқылы анықтауға болады.

“Тұрғын үй орталығына” барған кезде ұзақ кезек күтудің қажеті жоқ, сіз zhilfond.kz сайтындағы “Онлайн сервистер” бөліміндегі “Қабылдауға онлайн жазылу” арқылы кезекке алдын-ала тапсырыс бере аласыз. Мысалы, егер сіз келуді 10:30-да брондаған болсаңыз, онда сіз осы уақытта кезек күтпестен маманға кіре аласыз.

Жазылу үшін ЖСН, телефон нөмірі, келу себебін көрсету қажет (тұрғын үй бойынша кеңес беру, жалдау шартын қайта жасасу, жекешелендіру және т.б.) және дүйсенбіден жұмаға дейін 8:30-дан 17:00-ге дейін өзіңізге ыңғайлы уақытты таңдайсыз. Қабылдау кезінде жазбаңызды іске қосу үшін брондалған уақыттан 10 минут бұрын келіңіз.