Құрметті Нұр-Сұлтан қаласының жастары!
2021 жылғы 4 қарашаның 9:00 бастап 11 қарашаның 23:59 дейін «Жұмыс істейтін жастарға арналған сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй» бағдарламасы бойынша құжаттар қабылдау жарияланады.
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 2021 жылғы 4-11 қарашаны қоса алғанда;
Тұрғын үй түрі: сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй;
Тұрғын үй келесі мерзімге беріледі: 5 жыл, ұзарту құқығынсыз;
Ай сайынғы жалдау ақысы: 5 000 – 15 000 теңге;
Құжаттарды қабылдау көрсетілген кезеңдетек электронды түрде qatysu.zhilfond.kz порталы арқылы жүргізіледі;
Сіз өтінім бергеннен кейін, өтінім қаралу шамасына қарай, өтінім берген кезде көрсеткен телефон нөміріңізге Сіздің өтініміңіздің мәртебесі бар смс-хабарлама жіберілетін болады.
1) жұмысқа қабылданды (бағдарламаның шарттарына, құжаттардың толық тізбесіне сәйкес келсеңіз);
2) түзету қажет (Сіз құжаттардың толық емес пакетін, сапасыз құжаттарды және т.б. ұсынсаңыз.);
3) бас тартылды (бағдарлама шарттарына сәйкес келмесеңіз).
Сіздің өтініміңіздің мәртебесімен телефонға SMS-хабарлама алғаннан кейін qatysu.zhilfond.kz порталдағы жеке кабинеттен таныса аласыз.
Жұмыс істейтін жастарға арналған бағдарламаға қатысты барлық сұрақтар бойынша 109(ұялы телефоннан тегін) колл-орталығына және 8-700-725-17-32 нөмірі бойынша хабарласа аласыз.
Шарттары:
– 29 жасқа толмаған ҚР азаматы;
– аяқталған орта/арнайы орта/жоғары/жоғары оқу орнынан кейінгі білім және ресми жұмысқа орналастыру;
– Нұр-Сұлтан қаласында соңғы 2 жылдан кем емес тұрақты үздіксіз тіркелу;
– өтініш берушіде және отбасының барлық мүшелерінде ҚР бойынша меншік құқығында, сондай-ақ 2 жыл ішінде сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үйдің болмауы;
– төлем қабілеттілігін растау (ай сайынғы табыс минимум 116 680 теңге/соңғы 6 айда 40 АЕК).
Бірінші кезекте сізге ЭЦҚ кілтін алу қажет, ал тізбе бойынша анықтамалар өтініш берген сәтте 10 күннен кешіктірілмей алынуы тиіс.
Қажетті құжаттар тізімі:
Қатысуға құжаттар тапсырған азаматтар арасында іріктеу балдық жүйе бойынша жүргізіледі.
– Отбасының болуы үшін – 5 балл, Некенің әр жылы үшін – 2 балл;
– Баланың болуы үшін-1 балл, келесі әрбір бала үшін – 2 балл;
– Бюджеттік ұйымдардағы (мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік кәсіпорындардағы) еңбек қызметі үшін – 5 балл, еңбек өтілінің әр жылы үшін -1 балл;
– нарық сұранысына ие 100 мамандық тізіміне сәйкес мамандықты игерген өтініш берушіге – 10 балл (тізім сайтта жарияланған zhilfond.kz);
– жеке кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру кезінде кемінде 1 жыл – 5 балл, әрбір жыл үшін – 1 балл;
– өтініш берушінің әртүрлі қызмет салаларында жеке жетістіктері болған кезде (кәсіби саладағы жетістіктері ескеріледі) – 2 балл; – екінші деңгейдегі банктердегі жинақ шоттарындағы жинақтардың әрбір жылы үшін – 2 балл.