Құрметті Нұр-Сұлтан қаласының жастары!
“Жұмыс істейтін жастар үшін сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй” бағдарламасы бойынша өтінімдер қабылдау жүргізілетін “Qatysu.zhilfond.kz” порталы істен шығуы мүмкін. Осыған байланысты “Жұмыс істейтін жастар үшін сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй” бағдарламасы бойынша өтінімдерді қабылдау мерзімі 2021 жылдың 13 қарашасына дейін ұзартылатын болады. Баршаңызға сәттілік тілейміз!