АСТАНА ҚАЛАСЫ
ӘКІМДІГІНІҢ
«ТҰРҒЫН ҮЙ ҚОРЫ» КММ

  Астана қ., Республика д., 32 ("Ишим" БО)
  +7 (7172) 28-09-59
  info@zhilfond.kz
  Жұмыс кестесі: Дс-Жм 08:30-18:00
  Құжаттарды қабылдау кестесі: Дс-Жм 08:30-17:00
  Yзіліс: 13:00-14:30

“Жұмыс істейтін жастар үшін сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй” бағдарламасы бойынша деректерді түзету


Құрметті Нұр-Сұлтан қаласының жастары!

qatysu.zhilfond.kz порталында тіркелу кезінде Сіз көрсеткен телефон нөміріне модератор Сіздің өтініміңізді өңдегеніне қарай Сіздің өтінішіңіздің мәртебесі туралы смс-хабарлама жолданатын болады:

«Қатысуға жіберілді»;

«Түзету қажет»;

«Бас тартылды»;

Сіздің өтінішіңіздің қай күні қарастырылуына байланысты смс-хабарлама әр адамға әр түрлі уақытта жолданатын болады.

«Қатысуға жіберілді» дегеніміз, Сіз құжаттардың толық тізбесін тіркегеніңізді және бағдарламаның шарттарына сәйкес келетініңізді білдіреді, Сіз тек 350 пәтерге іріктеу нәтижелерін күтуіңіз қажет болады.

«Түзету қажет» дегеніміз, Сіз құжаттардың толық емес тізімін тіркегендігіңізді және Сізден талап етілген құжаттарды ұсынуыңыз қажет екендігін білдіреді. Өзіңіздің жеке кабинетіңізде модератордың пікірлерін көре аласыз және қандай құжаттарды тіркемегендігін біле аласыз. Сіз өз өтініміңізді 2020 жылғы 7-12 желтоқсан аралығында түзетуіңіз керек.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Жеке кабинетке 2020 жылғы 7-12 желтоқсан аралығында ғана кіруге болады. Жеке кабинетке шексіз рет кіруге болады, бірақ файлдарды жүктеп, ЭЦҚ кілтімен тек 1 рет қана қол қоя аласыз! Алдымен Сіз түзету қажеттілігі туралы смс алуыңыз керек, содан кейін ғана түзетіңіз, алайда модератордың пікірлерін көре алмауыңыз мүмкін.

«Бас тартылды» дегеніміз, Сіз бағдарламаның шарттарына сәйкес келмейтіндігіңізді білдіреді. Мысалы: соңғы 2 жылда тұрақты тіркеу жоқ, мүлік бар, табыс жеткіліксіз және т.б. Бас тарту себебі Сіз өтінім берген кезде көрсеткен электрондық поштаңызға жіберілетін болады.

Смс-хабарлама өтініш берген кезде Сіз көрсеткен телефон нөміріне жіберілетін болады, порталдағы жеке кабинетте сіз өзіңіз толтырған деректерді көре аласыз. Егер Сіз қате нөмірді көрсеткен болсаңыз, Сіз смс ала алмайсыз. МАҢЫЗДЫ! Өтінішті түзету мүмкіндігі «Түзету қажет» смс келген өтініш берушілерде ғана болады.