АСТАНА ҚАЛАСЫ
ӘКІМДІГІНІҢ
«ТҰРҒЫН ҮЙ ҚОРЫ» КММ

  Астана қ., Республика д., 32 ("Ишим" БО)
  +7 (7172) 28-09-59
  info@zhilfond.kz
  Жұмыс кестесі: Дс-Жм 08:30-18:00
  Құжаттарды қабылдау кестесі: Дс-Жм 08:30-17:00
  Yзіліс: 13:00-14:30

“Elorda zhastary”бағдарламасы бойынша келіп түскен өтінімдерді қарау


Құрметті азаматтар!

2021 жылғы 14-21 қазан аралығында “Elorda zhastary” бағдарламасы бойынша Qatysu.zhilfond.kz порталы арқылы түскен 1179 өтінім, қазір қаралуда.

“Elorda zhastary” бағдарламасын іске асыру мерзімдерімен танысуларыңызды сұраймыз:

Өтінімдерді қабылдау: 2021 жылдың 14-21 қазанында өтті;

Өтінімдерді қарау: 2021 жылғы 22 қазаннан 3 желтоқсанға дейін қоса алғанда 30 жұмыс күн;

Бірінші іріктеу нәтижелері: 2021 жылғы желтоқсанда Сіздің өтініміңіздің мәртебесі бар смс-хабарлама келіп түседі, бұл: “Мақұлданды”, “Резерв”, “Бас тартылды”.

“Мақұлданды” – сіз бірінші іріктеуден өткеніңізді және өтінім берген кезде көрсеткен электрондық поштаңызға қосымша “Банкке жолдама” келіп түсетінін білдіреді, оны басып шығару қажет болады және жолдаманы алған сәттен бастап 10 жұмыс күні ішінде “Отбасы банк” АҚ бөлімшесіне жүгіну қажет.

“Резерв” – сіз бағдарламаның негізгі шарттарына сәйкес келесіз дегенді білдіреді, бірақ сізде ұпайлар жетіспеді және сіз банкте төлем қабілеттілігін растай алмайтын үміткерлер болған жағдайда резервтік тізімнен қосыласыз.

“Бас тартылды” – сіз бағдарламаның негізгі талаптарына сәйкес келмейтіндігіңізді білдіреді, мысалы: Нұр-Сұлтанда соңғы 1 жыл ішінде тұрақты атаулы тіркеу жоқ, жұмыс орны таңдалған қызмет саласына сәйкес келмейді, тұрғын үй мүлкі меншік құқығында бар, құжаттардың толық емес пакетін ұсыну және т.б. бас тартудың толық себебі сіз порталда өтінім берген кезде көрсеткен электрондық поштаға жіберілетін болады.

“Отбасы банк” АҚ-да қарастыру: жолдаманы алған сәттен бастап 10 жұмыс күні ішінде банкке жүгіну қажет;

“Отбасы банк” АҚ-да жылжымайтын мүлікті ресімдеу: төлем қабілеттілігінен өткен сәттен бастап 60 күнтізбелік күн ішінде бастапқы немесе қайталама нарықта тұрғын үй табу қажет; Сатып алу-сату шартын жасасу: нарықта тұрғын үйді іздеу аяқталған сәттен бастап 15 жұмыс күні ішінде.