АСТАНА ҚАЛАСЫ
ӘКІМДІГІНІҢ
«ТҰРҒЫН ҮЙ ҚОРЫ» КММ

  Астана қ., Республика д., 32 ("Ишим" БО)
  +7 (7172) 28-09-59
  info@zhilfond.kz
  Жұмыс кестесі: Дс-Жм 08:30-18:00
  Құжаттарды қабылдау кестесі: Дс-Жм 08:30-17:00
  Yзіліс: 13:00-14:30

“Елорда жастары” бағдарламасы бойынша өз пәтерлеріне алғаш қоныстанған азаматтар бар екенін қуана хабарлаймыз.


Құрметті азаматтар!


“Елорда жастары” бағдарламасы бойынша өз пәтерлеріне алғаш қоныстанған азаматтар бар екенін қуана хабарлаймыз. Бағдарламаның шарттары бойынша бірінші іріктеуден өткеннен кейін, бірінші іріктеуден өткен азаматтар жолдамамен “Отбасы банк” АҚ-ға жүгінді, төлем қабілеттілігі тексеруден өтті және тұрғын үй тапты.


Естеріңізге сала кетейік, бағдарлама шарттарына сәйкес Нұр-Сұлтан қаласында тұрақты тіркелген 35 жасқа дейінгі (қоса алғанда) азаматтар, белгілі бір қызмет саласының қызметкерлері (медицина, білім, мәдениет, журналистер және т.б.) қатыса алды. “Елорда жастары” бағдарламасы аясында төмен пайызбен және бастапқы жарнамен несие беріледі.


Бұл бағдарлама 2021-2023 жылдары бекітілді, осыған байланысты осы жылы бағдарламаның жалғасын күтеміз.