Құрметті Нұр-Сұлтан қаласының кезектегілері!
Бұған дейін хабарланғандай, “1 және 2 топтағы мүгедектер”, “мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар”, “жетім балалар”, “көп балалы отбасылар” санаттары бойынша тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға жалдамалы тұрғын үй төлемі бойынша атаулы көмек көрсетілетін болады.
Біз сіздерге ең көп таралған 5 сұраққа жауап жинадық.
1. БҰЛ НЕ?
Бұл төлемдер – тұрғын үй жалдайтын жекелеген отбасыларға бюджет қаражаты есебінен өтеусіз негізде берілетін, өтемақы түріндегі мемлекеттік қолдау. Ескеретін жайт, бұл төлемдер коммуналдық төлемдерді қамтымайды.
Жеке тұрғын үй қорынан жалға алынатын тұрғын үй төлемдері тепе-теңдік негізде жүзеге асырылады, ондағы 50% – бюджет қаражаты есебінен, 50% төлемдерді алушының өз есебінен.
Осылайша, егер мұқтаж отбасы пәтерді 120 мың теңгеге жалға алса, онда 60 мың теңгені өз қаражаты есебінен төлейді және 60 мың теңге бюджет қаражаты есебінен өтелетін болады.
2. КІМДЕР ҮШІН?
Өтініш берушілер – бұл Бірыңғай республикалық электрондық базада тұрғын үй кезегінде ТЕК төмендегі төрт санат бойынша тұрған азаматтар.
1. 1 және 2 топтағы мүгедектер;
2. мүмкіндігі шектеулі балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар;
3. жетім балалар;
4. балалы отбасылар.
Үміткерлердің ЖАО-да тұрғын үйге мұқтаждар есебінде болуын және тиісті мәртебесінің болуын “Отбасы банк” АҚ мемлекеттік деректер базасымен бірігу арқылы айқындайды.
Өтініш берушіге қойылатын негізгі талап – отбасының төмен табысы.
Отбасының соңғы 6 айдағы жиынтық табысы отбасының әр мүшесіне шаққанда 1 ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспауы тиіс.
Осылайша, отбасының бір мүшесінің табысы айына 36 018 теңгеден аспауы шарт.
Мысалы жұмыс істейтін әкесінің жалақысы 250 мың теңгеге тең көп балалы отбасыны алайық(6 адам).
Жеке табыс салығы мен міндетті зейнетақы жарналарын төлегеннен кейін, жан басына шаққандағы отбасы табысы шамамен 33 мың теңгеге тең. Яки бұл отбасы төлемдерді талап ете алады деген сөз.
Отбасының жиынтық табысын есептеу кезінде соңғы 6 айда алынған табыс ескеріледі және табыстың үш тобы қамтылады:
1. еңбекақы түрінде алынатын табыстар, атап айтқанда: еңбекке ақы төлеу жүйесіне сәйкес жалақының барлық түрлері, оның ішінде кесімді, мерзімдік,
сондай-ақ сыйлықақылар, қосымша ақылар, үстемақылар, сондай-ақ ынталандырушы ақша түріндегі және өтемақы төлемдері. Олардың мөлшері БЖЗҚ-на аударымдар негізінде айқындалатын болады;
2. мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті қоспағанда, зейнетақы төлемдері және әлеуметтік төлемдер түрінде алынатын кірістер;
3. кәсіпкерлік қызметтен түсетін кірістер салық декларациялары негізінде айқындалатын болады.
3. БҰЛ ҚАЛАЙ ІСКЕ АСАДЫ?
ЭЦҚ-ны пайдаланып электрондық өтініш бергеннен кейін ОТБАСЫ БАНК мемлекеттік деректер базасын пайдалана отырып, үміткердің белгіленген шарттарға сәйкестігін аз уақыт аралығында тексеріп, төлемді тағайындау немесе бас тарту туралы жауап ұсынады.
Бұл ретте Отбасы Банк ұсынылған құжаттарды қарау және тексеру мерзімі 10 жұмыс күнінен аспайды.
Жалға алу келісімшарты арнайы үлгі бойынша Отбасы Банк платформасында жасалады және оған жалға алушы мен жалға беруші қол қояды.
Жалға алу келісімшарты бұзылған немесе тоқтатылған кезде, жалға алушы Отбасы Банкке жүгініп, келісімшарт бойынша төлемдерді басқа жалға берушіге тағайындау туралы өтініш жолдай алады.
Төлем келесі жағдайларда тағайындалмауы мүмкін:
өтініш берушінің отбасы мұқтаж топтардың төрт санатының ешқайсысына жатпаса және/немесе отбасының әр мүшесіне шаққандағы табыс 36 018 теңгеден асып кетсе.
Мақұлдау алғаннан кейін өтініш берушінің мәртебесі төлемді АЛУШЫ-ға ауыстырылады.
Мақұлдау алынғаннан кейін Отбасы Банк төлемдерді тағайындап, оны жалға берушінің келісімшартта көрсетілген шотына аударады. Алайда бұл әрекет орындалуы үшін жалға алушы жалдау ақысының 50% арнайы ағымдағы шотта болуын қамтамасыз етуі қажет.
Төлемдер жалдау шартының әрекет ету мерзімі ішінде ай сайын, қолма-қол ақшасыз аударылады.