Сіздерге алаяқ пен тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтың телефон арқылы сөйлескен жазбасын ұсынамыз. Телефон арқылы алаяқ тұрғын үй Департаментінің қызметкері ретінде өзін таныстырып, телефон арқылы кезекте тұрған азаматқа бағдарлама бойынша баспана берілетінін, онда тұрғын үй құнының 70% мемлекет өтейтінін, ал кезекте тұрған азамат қалған құнын өтеу керектігін хабарлайды.
Әңгіме барысында айтылған мұндай бағдарламаның жоқ екенін ескеріңіз.
Мемлекеттік тұрғын үй бағдарламалары және олардың шарттары туралы ақпарат Тұрғын үй қорының және «Нұр-Сұлтан қаласының тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ ресми интернет-ресурстарында орналастырылған.
⚠️ Сонымен қоса коллекторлық қызметтердің тұрғын үй бөлімінің қызметкері ретінде кезекте тұрған азаматтарға телефон соғып, сот орындаушылардан берешегі жоқ болса, баспана алуды ұсыну жағдайлары жиілеп кеткенін хабарлаймыз. Бұл ретте олар қамауға алу жойылғаннан кейін ғана пәтер берілетінін хабарлайды. Коллекторлық қызметтердің басты мақсаты – Сізді осындай алаяқтық жолмен мерзімі өткен несиелеріңізді өтеуге мәжбүрлеу.
Сонымен қоса хабарлаймыз, мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы аясында пәтер беруге уәде беріп, шотына бастапқы жарнаны енгізуді сұрайтын алаяқтар да пайда болды.
⚠️Сақ және мұқият болуыңызды сұраймыз.
Тұрғын үй қоры мұндай қоңырауларды ешқашан жасамайды және бағдарлама бойынша баспана бермей тұрып несиені өтеуді, алғашқы жарнаны үшінші тараптың шотына аударуды немесе бар қамауды алып тастауды сұрамайды.
Сіз Нұр-Сұлтан қалалық полиция бөліміне хабарласып, алаяқтық туралы хабарлауға құқылысыз. Қосымша хабарлаймыз, коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй мұқтаж ретінде есепте тұрған азаматтарға тұрғын үй бағдарламасы бойынша кезектілік тәртібімен бағдарламаға қатысуға өтініш берген жағдайда ғана берілетінін хабарлаймыз.