Тұрғын үй орталығы көп балалы отбасылар үшін сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үйге құжаттардың қабылданатындығы туралы хабарлайды.
Бұл бағдарламаға «Көп балалы отбасылар» санаты бойынша тұрғын үйге кезекте тұрған көп балалы отбасылар (тек атаулы санат) қатыса алады.
Пәтерлердің жалпы саны 124, оның ішінде:
Тұрғын үй түрі: Сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй;
Орналасқан жері: Шақаұлы көшесі, 7 үй; Е 509 көшесі, 7 үй; Тілендиев даңғ., 44 үй; ЖК «Ақерке»;
Қабылдау күні: 2022 жылғы 18 маусым 09:00-ден 2022 жылғы 24 маусым сағат 23:59-ға дейін;
Құжаттарды қабылдау тек электронды түрде көрсетілген кезеңде qatysu.zhilfond.kz порталы арқылы жүзеге асырылады;
Іріктеу кезекке тұру күні бойынша жүргізіледі және отбасының құрамы ескеріледі.
Назар аударыңыз! Қатысуға өтініштерді барлық жылдардағы (2006-2022) кезекте тұрғандар бере алады, алайда қатысуға өтініш берген кезекте тұрғандар арасынан алдымен кезекке ерте тұрғандар өтеді.
Өтініш беру үшін Сізге:
1) ЭЦҚ кілті;
2) Отбасының барлық мүшелеріне ҚР бойынша жылжымайтын мүліктің болмауы немесе болуы туралы анықтаманың сканерленген нұсқасы;
3) Балалардың туу туралы куәліктерінің/отбасы мүшелерінің жеке куәлігі (болған жағдайда) сканерленген нұсқасы;
4) Неке қию /некені бұзу /әке болуды анықтау туралы куәліктің /№4 нысан /қайтыс болу туралы куәлік (болған жағдайда) сканерленген нұсқасы;
5) Жылжымайтын мүліктің құқық белгілейтін құжаттарының (болған жағдайда) сканерленген нұсқасы;
6) Мүгедектік туралы анықтаманың (болған жағдайда) сканерленген нұсқасы;
7) Созылмалы аурудың толық атауы, жеке бөлмеге мұқтаждығы және белгілі бір қабаты көрсетілген созылмалы аурудың медициналық қорытындысының (болған жағдайда) сканерленген нұсқасы.
Өтініштерді қарастыру нәтижелері туралы кейінірек zhilfond.kz және gov.kz сайттарында және тұрғын үй орталығының әлеуметтік желілерінде жарияланатын болады.
Сұрақ-жауап:
1) Тұрғын үйдің бұл түрі қанша жылға беріледі?